Петропавлда заңсыз еңбек мигранттарын пайдаланғандар әшкереленді

Петропавлда заңсыз еңбек мигранттарын пайдаланғандар әшкереленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2026 20:12 Сурет: polisia.kz
Петропавл қаласындағы екі құрылыс нысанында жүргізілген тексеру барысында полицейлер Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті рұқсат құжаттары шетелдік 11 азаматты анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі жағдайда да жұмыс берушілер бұған дейін осындай құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Көші-қон заңнамасын бірнеше рет өрескел бұзу фактілері шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану қағидаларын қайталап бұзу дерегі бойынша қылмыстық істердің қозғалуына негіз болды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыс берушілерге 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер шетел азаматтарының еңбегін заңсыз пайдаланған 57 жұмыс берушіні жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзғаны үшін 826 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың 39-ы ел аумағынан шығарылды.

Көші-қон қызметінің мамандары шетелдік жұмыс күшін тарту Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асырылуы тиіс екенін ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: