ШҚО-да еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған 3 шетелдік азамат ұсталды

Көші-қон қызметінің қызметкерлері "Учаске" ЖПІШ аясында рейдтік іс-шараларды өткізу барысында еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған Моңғолияның 3 азаматын анықтады.
Белгілі болғандай, шетелдік азаматтар мамыр айында келген, алайда оладың уәкілетті орган беретін тиісті рұқсат құжаттары болмаған.
Ұлан аудандық сотының шешімімен Моңғолияның үш азаматы да 5 жыл мерзімге Қазақстан Республикасынан шығарылды.
Айта кету керек, ЖПІШ кезеңінде Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 50-ден астам шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 5-уі ел аумағынан шығарылған.
Көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, яғни заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны және елде рұқсатсыз тұрғаны үшін шетелдік азаматтар, сондай-ақ оларды қабылдаған жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript