Таразда "Жасыл аймақ" тақырыбымен қала аумағында ағаш көшеттері отырғызылуда

Сурет: Тараз қаласы әкімдігі баспасөз қызметі
"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында "Жасыл аймақ" тақырыбымен Тараз қаласы аумағында ағаш көшеттері отырғызылуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін "Әуендер әлемі" аллеясында кимешек киген 100 әже немерелерімен Ықылас Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінің аумағына 100 түп шынар ағашының көшеттерін отырғызып, абаттандыру жұмысын жүргізді.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігі баспасөз қызметі

Ш. Мұртаза атындағы мектеп- гимназиясының ардагер ұстазы, "Даналық мектебі" клубының төрағасы Сәуле Таңатарова жас ұрпаққа үлгі болар өнегелі іс-шараның маңыздылығына тоқталып, жиналғандарға алғыс айтты.

"Жас ұрпақ "Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі" дейді қазақ даналығы. Сондықтан, бабадан балаға жеткен дәстүрмен Табиғат-ананы аялап, қастерлеуге баулу әжелердің парызы. Осы ретте барша замандастарымды кейінгі ұрпаққа үлгі көрсетіп, оларды ұлттық тәрбиемен сусындату мақсатында осынау шарадан шет қалмауға шақырамын", - деді Сәуле Таңатарова.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігі баспасөз қызметі

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

7 сәуір – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні

Қазақстанда Құрылтай сайлауында дауыс беру аяқталды

Тоқаев Үкіметке жаңа міндет жүктеді