Қызылордада медицина саласының қызметкерлері экологиялық акцияға белсенді атсалысты

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясының үшінші аптасы "Жасыл аймақ" атауымен жалғасын тапты. Бұл экологиялық науқанның басты мақсаты – тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға шақырып, ел арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

Осыған орай, бүгін Сыр медицинасының 80-ге жуық қызметкері облыстық медициналық орталығының алдындағы ағаштардың діңгегін әктеп, орталықтың аймағын түрлі күл-қоқыстардан тазартты.

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұдан бөлек, медицина саласының қызметкерлері аталған аумақта ағаш көшеттерін отырғызды.

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл акцияға Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Г. Бержаппарова пен Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты Ж. Нұрымбетов белсене қатысып, ақ халатты абзал жандармен бірге тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, "Жасыл аймақ" экологиялық акциясы аясында қала және аудан, елдімекендерде орналасқан саябақтар, скверлер, аллеялардың аумағы абаттандырылып, күл-қоқыстардан тазартылды.

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі