Жетісу облысында хабар-ошарсыз кеткен жігіттің мәйіті табылды

Сурет: видео скрині
Жетісу облысы Көксу ауданында төрт күн бұрын жоғалып кеткен жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 сәуірде Көксу ауданының полиция бөліміне ұлының жоғалғаны туралы арызбен Еңбекшіқазақ ауылының тұрғыны жүгінді.

Оның айтуынша, 29 жастағы жігіт мал жаюға шығып, оралмаған. Жоғалған адамды іздеуге аудандық полицияның барлық жеке құрамы, жергілікті тұрғындар мен еріктілер бағытталды.

"Сол күні жоғалған жігіттің жылқысы Ескелді ауданының Жаңалық ауылында табылды. Көрші ауылдарды Көксу өзені бөліп тұрғаны ескеріліп, іздеуге облыс құтқарушылары қосылды.27 сәуірде іздеу іс-шараларының барысында жоғалған адамның зорлық-зомбылық белгілерісіз мәйіті Көксу өзенінің түбінде табылды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі