Астаналық жас жігіт сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасаймын деп бес тәулікке қамалды
Фото: Zakon.kz
Астанада қоғамдық орында отшашу атқан жас жігіт әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 28 қазанда түнгі сағат 01:20 шамасында Жұмабек Тәшенов көшесіндегі Ататүрік саябағында болған.
"24 жастағы астаналық сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасау үшін отшашу атқан. Алайда ол елді мекен аумағында және бұл үшін арналмаған жерде пиротехникалық бұйымдарды пайдаланып, заң талаптарын бұзған. Оның әрекеті қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың тыныштығына нұқсан келтірді", – делінген хабарламада.
Осы дерек бойынша полиция әкімшілік хаттама толтырып, істі сотқа жолдаған. Сот шешімімен жігіт бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript