Алматыда танымал болмақ болған жігіт 15 тәулікке қамалды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2026 21:56 Фото: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде танымал болуды көздеген алматылық заң бұзып, ақыры полицияға жеткізілді. Ол шлагбаумды сындырып, кейін қоғамдық орында дәрет сындырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап, полицияның назарына ілікті.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, азаматтардан ешқандай арыз түспегеніне қарамастан, Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жарияланған видеоны өз бастамасымен тексеріп, оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтап, оларды полиция бөлімшесіне жеткізген.

Тексеру барысында заңға қайшы әрекеттерді Алматы қаласының тұрғыны жасағаны белгілі болды. Оған қатысты ұсақ бұзақылық және бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру фактілері бойынша әкімшілік материалдар рәсімделді.

Сот шешімімен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Алматы полициясы әлеуметтік желіде танымал болу мақсатында заң бұзудың жауапкершіліктен құтқармайтынын ескертті.

"Әлеуметтік желіде танымал болу үшін заңды бұзу ешқашан жауапкершіліктен құтқармайды. Мұндай әрекеттердің соңы міндетті түрде заң алдында жауап берумен аяқталады", – деп мәлімдеді полиция.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: