Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Данияр Қырықбаев Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Данияр Қырықбаев 1986 жылы 29 сәуірде дүниеге келген. Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген. Жергілікті басқару магистрі.

Еңбек жолын 2007 жылы банк саласында бастаған. 2007-2009 жылдары "Жолаушылар тасымалы" АҚ – да жұмыс істеді, содан кейін – "Kazsatnet" АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі. Әр жылдары ҚР Бас прокуратурасында, ҚР Парламенті Сенатының аппаратында жұмыс істеді.

2016 жылдан 2019 жылға дейін Алматы қаласы бойынша соттар әкімшісінің басшысы болып жұмыс істеді. Екі жыл бойы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры болды.

2021 жылдан 2022 жылға дейін Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы болды.

Қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз