"Жақыныңа жәрдем бер": алматылықтар ардагерлердің, жалғызбасты зейнеткерлердің ауласын жинады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Алматы – біздің ортақ үйіміз" қалалық науқаны аясында, шараға қатысқысы келетін және үлес қосқысы келетін қала тұрғындарының өтінішінің көптігіне байланысты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы "Жақыныңа жәрдем бер" акциясын өткізеді.

Акцияның мақсаты – қаланың жеке секторында тұратын жалғызбасты зейнеткерлер мен ерекше қажеттілігі бар қарт адамдардың ауласын тазалауға және көркейтуге көмек көрсету.

866 ерікті мен қала тұрғыны ардагерлер, жалғызбасты зейнеткерлер, халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын 114 үйді ретке келтірді. Жеке үйлердің аумағы тазартылып, қоршаулар боялды, ағаштар санитарлық мақсатта кесіліп, ағартылды, өсімдіктер және т.б. отырғызылды.

Акция жалғасуда, тағы 93 үйді қамту жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны өтіп жатыр. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады.

Барлық ақпарат almaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналасқан. Сондай-ақ, веб-сайтқа арнайы QR-код арқылы қала бойынша орналастырылған баннерлерде, плакаттарда және афишаларда кіруге болады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы