Еліміз бойынша 1-3 мамырға арналған ауа райы болжамы

Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамдарымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ-да өткен брифинг барысында жақын күндері ҚР басым бөлігінің ауа райына атмосфералық фронтальды бөліктер әсер ететінін, оған байланысты еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауатынын айтты. 

"Республикамыз бойынша күн райы бұзылу сипаты тән, атап айтқанда, найзағай ойнап, желдің күшеюі күтіледі. Ал оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта бұршақ түседі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста дауыл тұрады, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, батыста шаңды дауыл соғады, солтүстікте тұман болады деп болжанады.Түнде Солтүстік Қазақстан облысында, Ақмола, Қостанай облыстарының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, Павлодар облысының шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде 1-6 градус үсік жүреді деп күтіледі", - деді спикер.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының  батысында, оңтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, Абай, Қарағанды,  Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

2024 жылғы 1-2 мамыр аралығында  қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі.

Сондай-ақ 2024 жылдың 1-2 мамыр аралығында қатты жаңбыр болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында баурайлық ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

Үкімет қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізуге байланысты мәлімдеме жасады