Шымкентте "Өнегелі ұрпақ"науқаны бойынша ілкімді істер жүзеге асты

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Шырайлы Шымкент қаласы күн өткен сайын гүлденіп келеді. Өйткені жылдағыдай емес, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына қызметкерлерден бөлек, қала тұрғындары да бір кісідей атсалысуда.

Бұл аптада "Өнегелі ұрпақ"науқаны бойынша ілкімді істер жүзеге асқан. Соның бірі Әл-Фараби ауданына қарасты "Достық ауласында" ұйымдастырылды. Қазыбек би 6 көшесіндегі тұрғын-үй алқабының көлемі үлкен және ардагерлер көп.

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сондықтан осы аумақта тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Шараға 10 -нан аса техника мен 200 -ге жуық қызметкерлер жұмылдырылып белгіленген нысанды толықтай тазартты.

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

"Таза Қазақстан" акциясы басталғалы оң өзгерістерді байқаймыз. Халық көп шоғырланатын орындарда тазалық деңгейі біршама өскен. Қуантарлығы бұл шараға ЖОО-ның студенттері көп қатысады. Жастардың белсендігілі тек оқу-ғылымнан емес, қоғамдық жұмыстардан да жоғары деңгейде көрінуде. Ұрпағымыздың саналы, тәрбиелі, тазалыққа жақын болуы үшін біздер әрқашан үлгі болатын игі істердің басы-қасында жүруіміз керек,- дейді Қалалық мәслихаттың депутаты Төреайым Сұлтанова.

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Өнегелі істі дәріптеу тек бір күнмен шектелмесі анық. Алдағы уақытта қала тұрғындарына қуаныш сыйлағын акция жалғасын таба бермек.

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Сәрсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды