Күйік шалмаған саусақ бөлігі қылмысты ашуға көмектесті

Сурет: akorda.kz
Өзінің мұқияттылығы мен тәжірибесінің арқасында криминалист кісі өлтіру қылмысын ашты.

Осы жылдың наурыз айында Ұлытау облысында қамыстар арасынан ер адамның мәйіті табылған болатын. Марқұмның денесі мен киімі толық өртеніп кеткендіктен оның жеке басын анықтау мүмкін еместей көрінген.

Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобының құрамында криминалист полиция майоры Дастан Мағзұмов болды.

Мәйітті мұқият қарап шыққан полицей саусақтың күйік шалмаған бөлігін байқады. Бұл ер адамның жеке басын анықтауға көмектесті.

Одан кейін тәртіп сақшылары қылмыскерлерге шыға алды.

Екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді