Шымкент пен Түркістан облысында бизнес үшін электр энергиясының тарифтері төмендетілді

Сурет: Zakon.kz
"Энергопоток" ЖШС ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне Шымкент пен Түркістан облысының заңды тұлғалары үшін электр энергиясына тарифті 42,23 теңгеден 37,00 теңге/кВтсағ-қа дейін яғни 12,4%-ға төмендету туралы өтінішін жолдады.

Төмендетілген тариф 2024 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі. Жалпы облыс бойынша 32 000-дан астам абонентке (заңды және жеке кәсіпкерлер) тариф төмендетіледі.

Тарифті төмендету ҚР ҰЭМ ТМРК-ның аумақтық департаменттері реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдар үшін электр энергиясын жабдықтау жөніндегі қызметтерге лицензиялардың қолданылуын жақында тоқтатқаннан кейін мүмкін болды.

Тарифті төмендетудің алғышарты тұтынушылардың (қаланың заңды тұлғалары мен бюджеттік ұйымдарының) реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын кепілді жеткізушіге ("Энергопоток" ЖШС) ауысуы болды, бұл кепілді жеткізушінің көрсетілетін қызметтерінің көлемін ұлғайту жағына, тиісінше тарифтің өзін төмендетуге әсер етті.

Электрмен жабдықтау қызметтерін үздіксіз алу үшін Шымкент қаласы мен Түркістан облысының заңды тұлғаларына "Энергопоток" ЖШС-мен тиісті шарт жасасу ұсынылады.

Сұрақтар туындаған жағдайда "Энергопоток" ЖШС-ның кеңселерінің біріне жүгінуге болады:

 Заңды тұлғалар үшін:

Сондай-ақ, "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС:

 Шымкент қаласы, Б.Саттарханов көшесі 10/1 мекенжайында орналасқан кеңсе тел. 50-57-11.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты