Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, бұршақ түседі, үсік жүреді деп болжанады

Сурет: unsplash
Синоптиктер алдағы сенбіге, 2024 жылдың 4 мамырына арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, еліміздің оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнгі уақытта еліміздің шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі... Республикамыз бойынша екпінді жел сипаты тән, оңтүстік өңірде қатты жел тұрса, солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс өңірлерде тұман болады деп болжанады. Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде сынап бағаны 3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында сынап бағаны 2 градус суықты көрсетіп, топырақ бетіне мұз қатады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК

Сондай-ақ, синоптиктер Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау өңірінің батысында, солтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, Түркістан облысының солтүстігінде, Ақтөбенің, Абай облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында, орталығында өрт қаупі жоғары екенін ескертеді.

Айта кетсек, синоптиктер алдағы мереке күндері Алматыда ауа райы қандай болатынын жариялағанын болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін