Синоптиктер алдағы мейрам күндері Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты

Ауа райы болжамы, Алматы, 4-11 мамыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2024 18:53 Сурет: pexels
Синоптиктер Zakon.kz сайтына Алматы қаласы бойынша алдағы жеті күнге арналған ауа райының алдын ала болжамын ұсынды. "Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес, алматылықтар күннің күрт ысуына дайындала беруі керек, бірақ кейбір күндері жауын-шашын, қатты жел болатыны да күтіледі.

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, 4-10 мамыр аралығында оңтүстік астанада сынап бағаны 30 градусқа дейін жоғарылайды. Алдағы жексенбіде, сондай-ақ дүйсенбіде қатты жел тұрып, бұршақ түседі, найзағай ойнайды деп болжанады. 

4 мамыр: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Жел екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде: +13...+ 15°C, күндіз: +23...+ 25°C.

5 мамыр: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел тұрады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегісі - 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с. Ауа температурасы түнде: +14...+ 16°C, күндіз: +26...+28°C.

6 мамыр: аспан бұлтты, түнде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегісі - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +12...+14°C, күндіз: +18...+20°C.

7 мамыр: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +11...+13°C, күндіз: +22...+24°C.

8 мамыр: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +13...+15°C, күндіз: +26...+28°C.

9 мамыр: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +15...+17°C, күндіз: +28...+30°C.

10 мамыр: аспан бұлтты, күннің соңында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел тұрады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегісі - 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с. Ауа температурасы түнде: +15...+17°C, күндіз: +26...+28°C.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанға арктикалық салқын ауа массасы келе жатқанын ескерткен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: