"Қар жауып, боран соғады". Еліміз бойынша 19 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша 2026 жылғы 19 қараша, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұсынылған мәліметке сәйкес, антициклон әсерінен тек еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Атмосфералық фронталды бөліктерге байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады... Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа тұманның түсуі, желдің күшеюі жатқызылады. Ал солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстік-батыста көктайғақ болып, солтүстікте жаяу бұрқасы жүреді деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
Сондай-ақ ауа райы болжамы бойынша, үш өңірде жоғары өрт қаупі сақталады:
- Қызылорда облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында;
- Алматы облысының солтүстігінде, шығысында;
- Жетісу облысының оңтүстік-шығысында.
Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша 19-21 қараша аралығына арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript