Сыртқы істер министрлігі Ресейдегі қазақстандықтарға үндеу жолдады

Сурет: ҚР СІМ
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қырғызстан мен Тәжікстаннан кейін қазақстандықтар Ресейге барудан бас тарту керек пе, деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

6 мамырда өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы достық, одақтастық және стратегиялық әріптестік қағидаттарына негізделгенін, сонымен қатар көп қырлы мемлекетаралық ынтымақтастықтың үлгісі болып табылатынын атап өтті.


"Біз Қазақстан-Ресей шекарасында ешқандай проблеманы байқамаймыз. Біздің Ресейдегі дипломаттарымыз жергілікті билікпен, Сыртқы істер министрлігімен, шекара қызметімен үнемі байланыста. Біздің азаматтарға қатысты жаппай ұстау, құжат тексеру сынды жағдайлар болған жоқ. Егер олар сізді тоқтатса немесе құжаттарыңызды тексерсе, бұл қауіпсіздік мақсатында. Сондықтан біз азаматтарымыздан жергілікті биліктің ережелерін, сондай-ақ осы елдің заңдарын сақтауды сұраймыз", – деді Айбек Смадияров.

2 мамырда Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі Ресейге баруға дәлелді себептері жоқ отандастарына бұрын енгізілген қосымша қауіпсіздік шаралары мен мемлекет арқылы кіруді бақылау режимі күшейтілгенге дейін елге барудан уақытша бас тартуды ұсынды.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік