СҚО-да полицейлер зейнеткердің жоғалтып алған әмиянын тауып берді

Сурет: ҚР ІІМ
Мамлют аудан орталығының тұрғыны саябақта жоғалған әмиянын жедел қайтарып берген полиция қызметкерлеріне жылы лебізін білдірді.

Зейнеткер әмиянын жоғалтқан маңайда полиция қызметкерлерінің мобильдік тобы болды. Полиция капитаны Азамат Әубәкіров пен полиция аға лейтенанты Сергей Ковальчук жаңа ғана кезекшілікке кірісіп, саябақты айналып өтіп, қоғамдық қауіпсіздікті қорғауды бастаған болатын.

Зейнеткер полицейлерге жүгінген кезде олар кезекші бөлімге хабарласты. Саябақтың кіреберісінде орналасқан камералар арқылы әмиянды тауып алып, иесіне қайтарып бермекші болған қарт адамды анықтауға мүмкіндік берді.

Осылайша, жоғалған әмиян аман-есен иесіне қайтарылды. Қуанышында шегі жоқ Мамлют ауданының тұрғыны полиция бөлімінің бастығы Петр Климовқа телефон шалып, қызметкерлерге жеделдігі мен кәсібилігі үшін алғысын білдірді.

Ол полиция қызметкерлеріне мықты денсаулық және алдағы мереке күндері тыныш қызмет өткерулеріне тілектес екендігін айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды