Астанада экоакция барысында рұқсат етілмеген екі қоқыс полигоны жойылды

Сурет: gov.kz
Астанада "Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" экоакциясы барысында су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылып, рұқсат етілмеген екі полигон жойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1500-ден астам студент пен елордалық мәслихат депутаттары "Нұра-Есіл" каналынан 200 тоннадан астам қоқыс жинады. Рұқсат етілмеген қоқыс орындарынан қоқыс шығару үшін 30-дан астам ауыр жүк рейсі жасалды.

Естеріңізге сала кетейік, ауқымды экоакция аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық канализациясы, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, жасыл желектерді күтіп-ұстау және отырғызу, сауда объектілеріне іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарлар орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т. б. жұмыстар жүргізілуде.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды