AlmaTV-ның жұмысындағы ақауға кибершабуыл себеп болды

Сурет: freepik
AlmaTV Мәскеудегі Жеңіс шеруін көрсету кезінде хабардың үзілуіне хакерлік шабуыл себеп болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"2024 жылғы 09 мамырда сағат 12:02-де интернет-хабар таратуда үзілістер байқалғанын (аналогтық, цифрлық, спутниктік теледидар қызметтері штаттық режимде жүзеге асырылғанын) назарларыңызға жеткіземіз. Қызмет провайдерінен алынған мәліметтерге сәйкес, сәтсіздікке көп деңгейлі кибершабуыл себеп болды. Компания мамандары оқиғаға жедел әрекет етіп, сервистің жұмысын қалпына келтіру үшін қажетті шараларды қабылдады", - деп жазылған Alma+ таратқан ресми ақпаратта. 

Қазіргі уақытта қызмет толық қалпына келтірілді және штаттық режимде жұмыс істейді.

Alma+ осы оқиғадан туындаған уақытша қолайсыздықтар үшін өз клиенттерінен шын жүректен кешірім сұрайды.

"Біз абоненттеріміздің сенімін жоғары бағалаймыз және қызметтерді үздіксіз және сапалы ұсынуды қамтамасыз ету үшін бар күшімізді саламыз", - деп жазылған AlmaTV таратқан ақпаратта. 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде AlmaTV арнасына хакерлік шабуыл жасалғаны туралы ақпарат пайда болған. Қолданба арқылы Мәскеуден шеруді трансляциялау кезінде түсініксіз кадрлар қабаттасады.


Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады