Қостанай облысында тасқыннан зардап шеккен 38 отбасына пәтер берілді

Сурет: pixabay
Қостанай облысындағы Алтынсарин ауылының тасқыннан зардап шеккен 38 тұрғынына қаладан пәтер берілді. Жалпы бұл елдімекенде 151 үйге су кірген.

Соның 52-сі қалпына келтіруге жарамайды. Мұндай үйлердің иелеріне, жаңа баспана тұрғызу немесе пәтер алу ұсынылады.

Бұл жұмыс ірі бизнес өкілдерінің есебінен жүзеге асады. Облыс орталығындағы жаңадан салынып жатқан тоғыз қабатты үйдің 80 пәтері табиғи апаттан зардап шеккендерге берілмек.

Сапасы жағынан бұл нысан "жайлы үй" санатына жатады, деп жазады qazaqstan.tv.

Ауласында балалар алаңқайы, жаттығу зонасы, баскетбол, футбол алаңдары бар. Әрлеу жұмыстары аяқталғасын бір айдың ішінде қоныстануға болады.

"Балалар үшін осындай таңдау жасадық қалаға келу үшін, өйткені барлық жағдай жасалған. Балабақша бар қасында, мектеп бар,балаларға ойнатын аула бар. барлығы жақын, аялдамалар жақын. Бәрі қолайлы." Әйгерім Мұсанова, Алтынсарин ауылының тұрғыны
Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі