Қазақстанда ірі су тасқынынан кейін мұнай өндіру қалпына келтірілді ме

Сурет: Zakon.kz/Тамила Муратбек
Қазақстанда ауқымды су тасқыны кезінде азайған мұнай өндіру қалыпты жағдайға келді. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, су тасқыны негізінен Ақтөбе облысында 500-ге жуық мұнай ұңғымасын басқан.

"Мұнай өндіру аздап төмендеді, бірақ қазір су тартылып жатыр", - деді Алмасадам Сатқалиев.

Сондай-ақ журналистер министрден қазіргі таңда су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге жанар-жағармай жеткізуде мәселе бар ма деп сұрады.

"Шынында да, мұнай өнімдерін жеткізуге қатысты мәселелер болды, бірақ олар жол көліктері мен арнайы техниканы пайдалану арқылы шешілді, яғни, мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуде мұндай проблема жоқ. Бұл негізінен Солтүстік Қазақстан облысы", - деп жауап берді Алмасадам Сатқалиев.

Алайда 18 сәуірде Энергетика министрлігі Қазақстандағы су тасқыны жағдайына байланысты Ақтөбе және Атырау облыстарындағы мұнай өндіруші кәсіпорындарда 634 ұңғыманың жұмысы тоқтатылғанын хабарлады. Мұнай өндірудің жалпы шығыны 16 мың тоннаны құрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді