Қызылордада 90-нан астам жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды

Сурет: ҚР ІІМ
Қызылордада полицейлер "Түнгі қаладағы балалар" іс-шарасы барысында басқармаға 91 жасөспірімді жеткізді.

Қызылорда қаласы полиция басқармасының ұйымдастыруымен қала көлемінде мамыр айының 10-12 күндері аралығында "Түнгі қаладағы балалар" жедел-профилактикалық шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында құқық бұзушы 91 жасөспірімді басқармаға жеткізіп, олардың ата-аналарына 91 әкімшілік хаттама рәсімдеді.

Ювеналды полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы тәртіпсіздікті болдырмау, қылмыстардың алдын алу түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған және ересектердің бақылауынсыз көшеде жүрген балаларды анықтап, ата-аналарына тапсыру бойынша түнгі тексеру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, құқық бұзушы жасөспірімдердің ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын –сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуы) бойынша 67 әкімшілік шара көрілді.

ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) бойынша 3 хаттама рәсімделді.

"Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде сағат 23:00-ден таңғы 6:00-ге дейін болуы заңды өкілдеріне ескерту жасауды көздейді. Егер бұл әрекеттер бір жыл ішінде қайталап жасалса, құқық бұзушыларға жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады", – деді басқарма бастығының бірінші орынбасары Ердәулет Жаукеев.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

Үкімет қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізуге байланысты мәлімдеме жасады