Шыбын-шіркейді улауға 105 млн теңге жұмсалады

Сурет: pixabay
Батыс Қазақстан облысында биыл маса мен шыбын-шіркей улауға 105 млн теңге бөлінді. Алайда тасқын салдарынан су жайылған кей аумақтарды дезинсекциялау мүмкін болмай тұр.

Өйткені, зиянкестердің дернәсілдері шоғырланған саяжайлар мен сай-сала суда тұр. Дегенмен, жағалауды зарарсыздандыру басталған.

Мамандардың айтуынша, бұл дәрілердің шыбын-шіркейден басқа адамға, судағы тіршілікке, қоршаған ортаға зияны жоқ, деп жазады qazaqstan.tv.

Биылғы су тасқынынан соң маса мен шыбын-шіркей күрт көбейеді деп болжанып отыр. Жағалаумен қоса, тынымбақ, қоғамдық орындар да дезинфекцияланады.

Тұрғындардың өтініштері де ескерілмек.

"Үш мың гектар жер уланып отыр қазіргі таңда. Алдымен, барып анықтайды, кейін улайды. Қазір кейбір жерлерге біз бара алмай отырмыз. "Телеорталық" ауданы, 1, 2-ші саяжайлар, өйткені су деңгейі әлі түскен жоқ. Су тасқынына байланысты жылда есептеп жүрген 13 мың гектарымыз екі есе ұлғайып отыр." Қанат Өмірәлиев, облыстық Энергетика және түкш басқармасы басшысының орынбасары
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін