Ресейде санкция салдарынан бюджет тапшылығы ұлғайды

Ресейде санкция салдарынан бюджет тапшылығы ұлғайды Сурет: pixabay
Ресейдегі инфляция 8 пайызға жуықтады. Санкция құрсауында қалған елде ұлттық валюта тағы құнсыздануы мүмкін. Сондай-ақ бюджет тапшылығы ұлғайған. Ірі инвесторлар елден кетіп, қазынаға түсетін салық азайды.

4 айда бюджет тапшылығы жылдық нормадан асып, 2 триллион рубльге жуықтады. Логистиканың бұзылуы, мұнай-газ экспортына шектеулер Ресей экономикасын тығырыққа тіреді.

"Шектеулердің салдарынан кәсіпорын біраз шығынға батты. Шетелден қажетті техниканы сатып ала алмаймыз, тіпті құрал-саймандарымыз жоқ. Ал жөндеуге өткізейік десек, шетелде қабылдамайды." Константин Николаев, кәсіпкер

Экономикалық шектеулердің салдарынан 110 мың компания жабылып, 5000-нан астам бренд Ресейден біржолата кетіп қалған. Халықаралық ірі банктер де әріптестіктен бас тартты, деп жазады qazaqstan.tv.

"Бизнес белгілі бір қолдау, не субсидия болмаса күн көре алмайды. Қазіргі жағдайда оңай емес, дағдарыстан шығудың тетіктерін қарастыруымыз қажет. Дәл осындай жағдай 70 жылдары болған." Ярослав Кабаков, сарапшы

"Бір жылда 70 пайызға арзандаған ұлттық валюта алдағы уақытта тағы құнсызданады",-дейді сарапшылар. Жылдың соңына дейін 90 рубльден саудаланатын бір доллар 120 рубльден сатылуы мүмкін. Ал көрші елдің үкіметі дағдарыспен күресудің кешенді бағдарламасын әзірледі.

Ресейде алдағы алты жылда экономикалық өсудің жаңа моделі құрылмақ.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады