Алматы полициясы азаматтарға Жапония мен Кореяға виза рәсімдеп беремін деген күдіктіні ұстады

Сурет: polisia.kz
Әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы өз блогында Жапония мен Кореяда ақша табудың жолдары туралы айтып, қажетті құжаттарды оп-оңай, кедергісіз рәсімдеп беруге уәде берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жақсы жарнамаланған блогтың 10 мыңнан астам жазылушысы және “клиенттердің” таусылмайтын ағыны жас жігітке жалған визаларды рәсімдеуге бастау болған.

"22 жастағы күдікті ұсталды. Тергеудің осы кезеңінде оның үстінен 15 адам полицияға арыз түсірген. "Қызметі" үшін алдын ала 100 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейін ақша алған. Алданған адамдар бұдан да көп болуы мүмкін. Күдіктінің заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлеріне хабарласуларын сұраймыз: 8-707-142-01-11 және 8-702-777-11-40", - деді Медеу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Тимур Мулинов.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

2 қарашадағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Жаңбыр, қар және күтпеген жылы күн райы: Қазгидромет Алматыда қараша айының қандай болатынын айтты