Ақтауда оқушыға тиісті деген күдікпен мектеп күзетшісі ұсталды

Сурет: lada.kz
Ақтауда оқушыға тиісті деген күдікпен мектеп күзетшісі ұсталды. Зардап шеккен қыздың анасы полицияға арыз түсірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті lada.kz басылымының хабарлауынша, 14 мамырда бұл туралы ақпарат әуелі WhatsApp-та тараған.

"Таратылып жатқан аудиохабарламада кәмелетке толмаған қыздардың демалыс күні №10 мектептің ауласында ойнап жүргені және күзетшінің олардың бірін кіреберіске шақырғаны, содан кейін ол оны күзет отыратын жердің арт жағына апарып, тиісе бастағаны айтылған. Қыз қашып құтылған", - делінген хабарламада.


Зардап шеккен қыздың анасы полицияға арыз түсірген.

Бұл фактіні мектептің өзі растап, оқиға жексенбі, 12 мамыр күні болғанын хабарлады. Күзетші дереу қамауға алынды. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасы түсіп қалған. Күзет агенттігіне қарсы іс қозғалды.

Облыстық полиция департаменті күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілгенін хабарлады.

"Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды", - деп хабарлады полиция.
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін