Балалар арбасымен автобусқа мінуге тыйым салынды ма? Министрлік түсінік берді

Балалар арбасымен автобусқа мінуге тыйым салынды ма? Министрлік түсінік берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2026 11:01 Сурет: gov.kz
Көлік министрлігі балалар арбасымен қоғамдық көлікке кіруге тыйым салынды деген ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство қолданыстағы ережелер ата-аналарға балалар арбасымен автобусқа мінуге рұқсат беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің түсіндіруінше, Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес, автобус салоны шамадан тыс толған жағдайда ата-анаға арналған бос орын болса, балалар арбасын жинап алып жүру көзделген. Бұл ретте арба жолаушылардың еркін қозғалуына кедергі келтірмеуі керек.

Бұл талап жолаушылардың, соның ішінде балалар мен оларды алып жүретін ата-аналардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және автобус ішіндегі өту жолын бос ұстауға бағытталған.

Алайда ата-анаға арбаны жинау қолайсыз болса, ол сапарын арбаны жайылған күйінде жалғастыра алады.

Министрлік бұл талапты орындамағаны үшін айыппұл салу, жолаушыны автобустан түсіру немесе басқа да санкциялар қарастырылмағанын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: