25 мамырда мектептерде соңғы қоңырау соғылады, бірақ барлығына бірдей емес

Сурет: Zakon.kz
Елімізде 2023-2024 оқу жылын 3,8 миллионнан астам оқушы аяқтайды. Бұл туралы 2024 жылдың 15 мамырында ОКҚ-да өткен брифинг барысында ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 24 мамырда еліміздің барлық мектебінде 1-10 сынып оқушылары үшін "Білімім – Отаныма" атты тақырыпта бірыңғай сынып сағаты өтетінін, онда сынып жетекшілері оқушылармен бірлесіп өткен оқу жылын қорытындылайтынын айтты.

"11-сыныптың 186 мың оқушысы үшін 25 мамырда "Мектебім, саған мың алғыс" атты шарада соңғы қоңырау соғылады!". Наталья Жұмаділдаева

Бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі 25 мамырда барлық мектепте оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтетінін мәлімдеген болатын. Ведомство елдегі су тасқыны жағдайына байланысты соңғы қоңырау бірыңғай сынып сағатына форматына ауыстырылғанын жеткізген. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі