FlyArystan бортында жолаушы қаза тапты

Сурет: pxhere
FlyArystan әуе компаниясының Қостанайдан Алматыға бет алған ұшағында ер адам қаза тапты. Қайғылы оқиға 2024 жылдың 15 мамырында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуе компаниясының баспасөз қызметі жолаушы әуеге көтерілгеннен кейін есін жоғалтқанын түсіндірді.

"Стюардессалар бірден жолаушының тамыр соғысы мен тыныс алуын тексерді, бірақ өмір белгілерін таппады. Нұсқауларға сәйкес, экипаж алғашқы медициналық көмек көрсетіп, борттағы дәрігерді іздеуге кірісті". FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметі

Содан кейін стюардессалар дәрігермен бірге дефибриллятор арқылы жүрек-өкпе реанимациясын жасады.

Командирдің шешімімен ұшақ Астана әуежайына шұғыл қонды.

"Әуе компаниясының бортсеріктері әуежайға келгенше жүрек-өкпе реанимациясын жалғастырды. Өкінішке орай, Астана әуежайының дәрігері жолаушының қайтыс болғанын растады. Әуе компаниясы жолаушының туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады". FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметі

1 мамырда Алматыдан Оралға ұшып келген Ресейдің екі азаматы тырысқақ ауруына шалдыққан деген күдікке ілінгені хабарланған болатын. Ұшақ жерге қонған соң санитарлық-эпидемиологтар ұшаққа отырды. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова анамнез, эпидемиологиялық анамнез және клиникалық тексеруден кейін тырысқақ ауруының мүлдем жоққа шығарылғанын түсіндірді. Саяхатшылар Саратов облысындағы тұрғылықты жеріне жол тартты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды