Шетел университеттерінде ҰБТ сертификаттары қашан таныла бастайды

Сурет: Ұлттық тестілеу орталығы
Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ сынақтарының нәтижелерін шетелдік жоғары оқу орындарында мойындай бастауы үшін жетілдіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Әбдірәсілов халықаралық сарапшылар мен әзірлеушілер де қазақстандық тесттердің сапасын арттыру бағытында жұмыс істеп жатқанын атап өтті.


"Біз үшін тестілер мен ҰБТ сертификаттарының мойындалуы маңызды. Осыған байланысты біз шетелдік серіктестерімізбен, дүние жүзіндегі тестілеу орталықтарын аккредиттейтін агенттіктермен көп жұмыс атқарудамыз.Әрине, Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаттары, айталық, облысымызда, мүмкін шетелде де қолданылғанын қалаймыз.Тестілеу нәтижелерін шетелдік жоғары оқу орындарына түсу үшін пайдалануға болады", - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Әбдірәсілов.

Ол орталықта тест құрастырушылардың біліктілігі де жетілдірілетінін атап өтті. Ал соңғы жылдары жүргізілген тестілеу нәтижелеріне сүйенсек, қазірдің өзінде тест мазмұнына қатысты апелляциялар саны айтарлықтай азайған.

16 мамырда еліміздің 14 өңірінде негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды; алты өңірде өтініштер әлі қабылдануда.

Талапкерлердің басым бөлігі – 75 пайызы негізгі ҰБТ тапсыру үшін қазақ тілін таңдаған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді