Алматыда тұрғындардың өтініші бойынша жаңа сквер пайда болады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімі Ерболат Досаев мегаполистің Алмалы ауданындағы жаңа скверді абаттандыру жобасын қарап шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала басшысы жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша Райымбек – Сейфуллин - Төреқұлов – Мұратбаев көшелерінің маңындағы қираған нысандардың орнына жаңа қоғамдық кеңістік құруды тапсырды.

"Алтын Сапа ALM" ЖШС инвесторы Сейфуллин даңғылы бойындағы екі ескі тұрғын үйді және бұрынғы ТҚҚ ғимаратын бұзған. Әлеуметтік жауапкершілік аясында инвестор өз есебінен Сейфуллин даңғылы мен Мәметова көшесінің қиылысында ауданы 0,30 га жаңа скверді абаттандырады.

Алмалы ауданының әкімі Арман Шамшин қазіргі уақытта сквер пайда болатын учаскеде қаланың жер қатынастары басқармасы 35 меншік иесінің 16 - нан жылжымайтын мүлік сатып алғанын баяндады. Құрылыс жұмыстары жылжымайтын мүлік барлық меншік иелерінен сатып алынғаннан кейін ағымдағы жылдың қазан айына жоспарланған.

Баяндаманы тыңдаған қала басшысы белгіленген жоспарға сәйкес жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Айта кетерлігі, Алматыда Есентай, Үлкен Алматы өзендерінің бойындағы жағалауларға реконструкция жүргізіледі. Пушкин көшесі бойымен Гоголь көшесінен Райымбек батыр даңғылына дейінгі ұзындығы 1,1 км жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру жоспарлануда.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды