ШҚО полицейлері есірткі тарату арнасын жойды

Сурет: ҚР ІІМ
ШҚО полицейлері күдіктіден мефедрон тәркіледі. Бұл бір реттік 6 мың дозаны құрайды.

ШҚО полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері еліміздің оңтүстік өңірлерінен ШҚО-ға синтетикалық есірткі тасымалдайтын ірі арнаның жолын кесті.

Тәртіп сақшылары Өскемен – Алматы автожолында Алматы облысының 26 жастағы тұрғынының басқаруындағы Toyota Land Cruiser автокөлігін тоқтатқан.

Көлік құралын тінту барысында жедел уәкілдер ақ түсті ұнтақ заты бар 4 полимерлі пакетті тапты, сонымен қатар көліктің багажынан ұқсас заты бар тағы 15 орама табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат мефедрон болып шықты, жалпы салмағы 1 келі 850 гр, бұл бір реттік 6 мыңнан астам дозаны құрайды.

Жауап алу барысында ер адам есірткіні Астана мен Павлодарда таратқанын айтқан. Күдіктіге қатысты есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын заңсыз сатып алғаны, сақтағаны, өткізгені үшін қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта ол қамауға алынды. Ер адам мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды