Еркектер қарап тұрды: Тағы бір әйел бұрынғы күйеуінің ұрып-соққанына шағымданды

Алматыдағы тұрғын үйлердің кіреберісінде ер адам екі жігіттің көзінше бұрынғы әйелін аяусыз соққыға жыққан. Жастар соққыны тоқтату үшін шара қолданбады. Қалалық полицияның баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

Жаға ұстатарлық оқиға туралы әлеуметтік желі арқылы белгілі болды. Автор әйел мен ер адамның ажырасып кеткенін, бірақ күйеуі келіншектің соңынан аңдып, соққыға жығатының айтады.

Бірнеше күн бұрын экс-күйеуі әйеліне қайта жұдырық ала жүгірген. Ұрып-соғу кіреберісте, яғни басқа тұрғындардың көзінше орын алған, бірақ ешбірі әйелге көмектеспеген.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі 2024 жылдың 17 мамырында ұрып-соғу фактісі бойынша іс қозғалғанын түсіндірді.

"Күдікті ұсталды. Ол міндетті түрде жауапқа тартылады". Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ әйелдің алған жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалғаны айтылады.

"Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі". Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі

Жақында Zakon.kz тілшісі тағы бір отбасылық жанжалды тілге тиек етті. Оқиғаға Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов қатысты. Шенеуніктің бұрыңғы әйелі Ақмарал Үмбетқалиеваның айтуынша ол 11 жыл бойы ерінен таяқ жеп келген.

Алматы Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: