Астана тұрғындары қарасораны заңсыз өсіргені үшін сотталды

Сурет: freepik
Мемлекеттік айыптаушы - прокурор өз үйінде сату мақсатынсыз жеке пайдалануы үшін құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз егіп, өсірген екі сотталушының кінәсін дәлелдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші жағдайда, сотталушы үй бөлмесінде тұқымдар мен қажетті құрал-жабдықтарды алдын-ала сатып алып, каннабис  өсімдігін (қарасора) өсірген.

Келесі жағдайда - өз үйінің бақшасында өсірген.

Сот үкімімен кінәлілердің әрқайсысы 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Сот актілері заңды күшіне енді.

Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру үшін 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеміз.

Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу үшін мүлкі тәркілеумен 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді