Жұмысынан айрылған қазақстандықтар ақшасыз қалмайды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 20 мамырда жұмысынан айырылған қазақстандықтарға бірқатар кеңестерін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство жұмыстан айрылған азаматтар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты бір айдан алты айға дейін жұмысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлемдер ала алатынын еске салды. Төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (МӘСҚ) қаражаты есебінен жоғалған табыстың 45% - на дейінгі мөлшерде жүзеге асырылады.

Жұмыстан босатылған қызметкерге төлем алу үшін:

Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.

"Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады",- делінген ақпаратта.

МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған.

2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 143,3 мың адамды құрады. Бұл ретте биыл 89 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 25 млрд теңге болды.

Айта кетейік, 2024 жылдың басынан бастап Отбасының цифрлық картасының көмегімен 785 азамат Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: