Астанада республикалық маңызы бар жолды жөндеу жұмыстары басталды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Р-10 республикалық тас жолының "Астана айналма жолы" учаскесінде 2024 жылдың 21 мамырынан бастап жоспарлы орташа жөндеу жұмыстары басталды. Осыған орай "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ айналма жол сызбасын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық компания жолдың 46-53 шақырымындағы жоспарлы орташа жөндеу жұмыстары 25 мамырға дейін жүргізілетінін түсіндірді.

"Осы аумақта қозғалысты уақытша ішінара шектеуге байланысты баламалы бағытты алдын ала жоспарлау ұсынылады", - деп қосты "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ.

Астана тұрғындары мен қонақтарынан болуы мүмкін уақытша қолайсыздықтарға байланысты түсіністік пен шыдамдылық танытуды сұрады.

2024 жылдың 20 мамырында Қазақстанда Жәңгір хан резиденциясына апаратын 1960 жылдардағы жол жөнделетіні белгілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды