Жамбыл облысында оқушы дәретханадан өлі табылды: мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Сурет: видео скрині
Жамбыл облысында оқушы өлімінен кейін мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Білім ордасының басшылығы қылмысты жасыруға тырысты деген күдікке ілігіп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

8-сыныптың оқушысы мектеп дәретханасынан өлі табылған. Сараптама қорытындысы оқушының жүрек тұсынан қатты соққы алып жан тапсырғанын анықтаған. Алайда қылмыс болған күні мектеп директоры "Оқушының жүрек талмасы ұстап қалды" деп жалған мәлімет берген. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

14 жасында мерт болған баланың ата-анасы бұған дейін мектептегі әлімжеттік туралы айтып, мектеп ұжымына бірнеше рет шағымданған. Енді балаларға қатысты қауіптің алдын алмаған мектеп басшысы 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Өкінішке қарай, мектеп басшылығының тарапынан дер кезінде шара қабылдамауынан жеткіншек мерт болды. Директорға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 432-бабымен, "Қылмысты жасырып қалу" фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр", - дейді Жамбыл облысы прокурорының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға көмекшісі Шавхат Таштеміров.

Еске салайық, оқиға 30 сәуір күні Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің дәретханасында болған. 9-сыныптың оқушысы өзінен бір сынып төмен оқитын жеткіншектің кеуде тұсынан ұрған. Қазір 15 жастағы күдікті қамауда отыр. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты