Павлодарда кадет мектебінің директорына қатысты тергеу басталды

Сурет: polisia.kz
Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұзақылық әрекеттер фактісі бойынша тергеу басталды. Жанжалдың себептері анықталып, сараптама тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
"Төбелеске қатысқаннның бәрі полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың әрқайсысының рөлі белгіленеді, содан кейін олардың әрекеттеріне тиісті құқықтық баға беріледі. Сондай-ақ жіберілген немқұрайлылық үшін мектеп директорына қатысты тергеу басталды", - деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Еске салайық, бұған дейін Қабанбай батыр атындағы "Жас сарбаз" облыстық мамандандырылған әскери мектеп-лицей-интернатында төбелес шыққанын хабарлаған едік. Тергеу барысында полиция қызметкерлері мектеп сыныптарының бірінде төбелес барысында кәмелетке толмаған үш оқушы жарақат алғанын анықтады. 

Оқиға болған күні кешке облыстық балалар ауруханасына 2007 жылы туған екі бала, 2008 жылғы бір бала жеткізілген. Мектеп оқушыларына медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйлеріне жіберілді.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы