Ақтөбеде ҚАЖД мекемесіне есірткі алып кірмек болған күдікті анықталды

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлерімен жедел іс-шаралар өткізу барысында №70 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, мекеме аумағына есірткі затын алып кірудің алды алынды.

Жүргізілген сараптама жұмыстарының нәтижесінде аталған зат ерекше иісі бар, түйіршіктелген шәй арасына ұқыпты түрде жасырылған есірткі болып шықты.

Қазіргі таңда аталған азаматтарға қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Жедел режим бөлімінің қызметкерлері бүгін тергеу изоляторына есірткі өткізу фактісінің алдын алды. Жыл басынан бері осындай бірнеше жағдай болды. Дегенмен, дер кезінде әрекет жасап, істің алдын алу – біздің басты қағидамыз. Іске қатысты шешім шығып, кінәлі азаматтар жазаға тартылатын болады", – деп атап өтті басшылар.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады