Салып жатқанны нысаннан электр кабелінің 18 орамын ұрлаған кінәлілер ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Астана қаласының тәртіп сақшылары салынып жатқан нысаннан электр кабелінің 18 орамын ұрлаған елорда тұрғынын ұстады.

Жедел іздестіру шаралары барысында Алматы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кабель ұрлығына қатысы бар үш ер адамды анықтады.

Құрылыс компаниясының өкілі полицияға арыз жазып, түнде салынып жатқан нысан аумағынан жалпы құны 900 мың теңгені құрайтын кабель орамдарының ұрланғанын айтқан. Белгілі болғандай күдіктілер электр кабелін көлікке тиеп, металл жинау орнына апарған.

Қазіргі уақытта ұсталған ер адамдар кінәсін мойындап, олардың қаладағы осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Елорда полицейлері түсті және қара металдардың, олардың сынықтары мен қалдықтарының саудасы мен заңсыз айналымы орындарын үнемі тексеріп отырады.

Полиция азаматтарға қылмыстық жолмен табылғаны белгілі мүлікті иемдену немесе сату Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 196-бабында көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Алматыда ер адам бірге ішімдік ішкен танысын пышақтап кетті