Астанада бала күтуші жұмыс берушінің алтын бұйымын ұрлап кеткен

Сурет: pixabay
Жедел-іздестіру шаралары барысында Есіл аудандық полиция басқармасының қызметкерлері алтын бұйымдарды ұрлады деген күдікпен 40 жастағы әйелді анықтады.

Тергеу барысында әйелдің отбасында күтуші болып қосымша жұмыс істегені, ол жерде жарнама бойынша жұмысқа орналасқаны белгілі болды.

Үлкендер жұмыста болған кезде әйел пәтерден жалпы құны 180 мың теңге тұратын алтын сақина мен білезік тауып алған. Үй иелерінің қайтып келуін күткен ол зергерлік бұйымдарды өзімен бірге алып, жайбарақат пәтерден шығып кеткен.

Әйел ұрланған алтын бұйымдарын ломбардқа өткізіп үлгерген екен. Тәртіп сақшылары ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, әйелдің осыған ұқсас бұрын жасалған басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Оның бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталғаны анықталды. Ұрланған алтын бұйымдар тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Астана қаласы полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға шақырады.

Адамдарды жұмысқа қабылдау кезінде бұрынғы жұмыс орындарынан анықтама, сондай-ақ құжаттардың көшірмесін сұраңыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді