Түркістан облысы "жезөкшелер ордасын" ұйымдастырған топ ұсталды

Сурет: Түркістан облысының полиция департаменті
Түркістан облысы Шардара ауданында жеңгетайлықпен айналысты деген топ құрықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, жергілікті азаматтар тұрғын үйлердің бірін адам тәнін саудалауға арналған притонға айналдырған. Жедел-іздестіру шарасы барысында 6 күдікті азамат құрықталып, қамауға алынды.

"Полицейлер Шардара қаласындағы іс-шаралар барысында, жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру фактісін анықтады. Жедел уәкілдер притонның 2 әкімшісін, Қазақстанның 4 азаматын ұстады. Сондай-ақ, ақшалай қаражат пен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Түркістан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғалымбек Тұрысбеков

Ал Жетісайда түнгі уақытта жер қойнауын заңсыз пайдаланбақ болғандар анықталды. 9 адамнан құралған топ басшысы бұрын сотты болған. Оларды тінту барысында 1 жүк тиегіш көлік, 7 жүк көлігі, 2 аңшылық мылтық, патрондар сынды айғақ заттар тәркіленді. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

ҰБТ сертификатына қатысты талапкерлерге маңызды ескерту жасалды

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті