Астанада Қабанбай батыр даңғылы ішінара жабылады

Сурет: Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы
Астанада 29 мамырдан бастап 3 маусымға дейін Қабанбай батыр даңғылы бойынша Сығанақ көшесінен Керей Жәнібек хандары көшесі ішінара жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 28 мамырда "Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ хабарлады.

"Қабанбай батыр даңғылы бойынша Сығанақ көшесінен Керей Жәнібек хандары көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 2024 жылдың 29 мамырынан бастап 3 маусымға дейін жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады", делінген хабарламада.

Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілетін болады.


"Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз".
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты