Таразда полицейлер күмәнді сөмкелерді тексеру үшін бір күнде екі шақыртуға шықты

Сурет: ҚР ІІМ
Тараз полициясының "102" пультіне банктердің бірінің жанындағы орындықта күдікті сөмке тұрғаны туралы хабарлама түсті.

Нұсқауға сәйкес, полиция бұл ақпаратты шұғыл түрде тексерді. Шақыру орнына жедел түрде полиция департаментінің қызметкерлері, саперлар, кинологтар, төтенше жағдайлар қызметі мен жедел жәрдем қызметкерлері келді.

Полиция аумақты қоршап, жақын маңдағы ғимараттардан азаматтарды дереу эвакуациялады. Арнайы шаралардың нәтижесінде сөмкеден жарылғыш құрылғылар табылмады.

Онда жеке заттар мен құжаттар болған. Сол күні тұрғындар қала орталығындағы дүкендердің бірінің жанынан иесіз рюкзак сөмке тауып алған.

Барлық шұғыл қызметтер дереу аталған орынға жетті. Қызметтік иттің көмегімен полицейлер сөмкені тексерді. Оның ішінде жеке заттар болған.

Екі сөмкенің иелері табылып, олармен профилактикалық әңгімелесу жүргізілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды