Ақылы жолдардағы абонементтердің бағасы және оны алу жолдары

Ақылы жолдармен жиі жүретін қазақстандықтар абонементтерді рәсімдей алады. Қазавтожол мұны қалай жасауға болатынын және қанша тұратынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақылы жолдармен жүруге арналған абонементтер айлық және жылдық болып бөлінеді.

"Ол үшін көлік құралы ақылы жолдардың учаскесіне қарасты аудандарда тіркелу қажет (көлік құралының тіркелген жері ҚР ІІМ деректер қорынан алынады) және жол ақысы үшін қарызы болмауы тиіс",- делінген хабарламада.

Абонементтердің құны:

1. Бір айлық абонемент (күнтізбелік 30 күн):

2. Бір жылдық абонемент (күнтізбелік 365 күн):

Абонементті рәсімдеу жолдары:

1. 1403 байланыс орталығы арқылы

- таңдаған абонементтің құнына сәйкес көлік құралының нөміріне қаражат салып, қызметті қосу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласу керек.

2. Кaztoll.kz сайты арқылы

- Кaztoll.kz сайтына тіркелу;

- Көлік құралыңыз туралы деректерді толтыру;

- "Абонементті рәсімдеу" бөліміне өтіп, өзіңізге қажетті абонементтің түрін таңдау (айлық, жылдық).

3. Ақы төлеу пункттері (АТП) немесе клиеттермен жұмыс істеу орталықтары арқылы (КЖО)

- АТП немесе КЖО операторларына хабарласу

- Абонементті өзіңізге ыңғайлы әдіспен төлеу (карта, ақшалай немесе интернет-банкинг арқылы).

29 мамырда "ҚазАвтоЖол" ҰК "АҚ баспасөз қызметі аталмыш жолдарда кімдердің тегін жүруіне құқықғы бар екендігін айтты.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: