Өзбекстанда қажылықты желеу ететін алаяқ көбейді

Сурет: pixabay
Құрбан айт жақындаған сайын, Өзбекстанда "қажылыққа жібереміз" деген желеумен тұрғындарды алдап, ақша алатын алаяқтар көбейген.

Қаражат аз емес, бірнеше мың доллар. Алаяқтардың жолын кесуге мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің өкілдері кіріскен. Күн сайын бірнеше заңсыз әрекет әшкере болып жатыр.

Бірақ осыған қарамастан алаяқтардың қатары азаяр емес. Жуырда ғана Ташкенттің Яккасарай ауданында орналасқан туристік фирманың 2 қызметкері ұсталды.

Олар жергілікті азаматтың сеніміне кіріп, ата-анаңды Сауд Арабиясына қажылық сапарына жібереміз, визасын дайындап береміз деп 18 000 АҚШ долларын сұраған.

Оның 4 жарым мыңын алдын ала алып жатқанда қолға түсті. Бұл бір ғана мысал. "Аңқау елге арамза молда" болғандар өте көп.

Тура осыған ұқсас сценариймен тұрғындарды алдап, қыруар ақшасын алған туристік компания өкілдері Қоқан мен Ферғана қаласында да қолға түсті.

Ақша көлемі де аз емес, алаяқтар өз еңбегін 10 мың доллардан бастап 30 мыңға дейін бағалайды екен.

Ел билігі қажылыққа барудың арнайы бекітілген тәртібі бар екенін ескертеді, азаматтарды алаяқтардың арбауынан сақ болуға шақырады.

Қазақстан
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз