Атырау облысында жолға тұрғызылған бөгеттер алынып жатыр

Сурет: видеодан алынды
"Атырау - Таңдай - Хамит Ерғалиев" жолына тұрғызылған бөгеттер алынып жатыр. Ондағы мақсат - өр суын жолдың екінші жағындағы жайылма бөлігіне жіберу, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ТЖ жөніндегі жедел штабтың хабарлауынша, полиция департаменті жолдың екі жағында да патрульдеу жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі уақытта аталған жол учаскесінде жүк көліктерінің қозғалысы тоқтатылды.

"Атырау - Таңдай - Хамит Ерғалиев" жолының 13 шақырымына өр суының үлкен көлемде келуіне байланысты жолдың қарама-қарсы жағындағы жайылмаға су жіберу үшін қорғаныс бөгеттері алынып жатыр. Мұндай шешім Таңдай ауылын, шаруа қожалықтарын су басудан және жолдан 4 шақырым жерде орналасқан "Коровник" қыстауын қорғау үшін қабылданды", - деп хабарлады Махамбет ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.

Жергілікті жерде "ҚазАвтоЖол"ҰК" АҚ қызметкерлері мен техниктері жұмыс істеуде.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды