Су тасқынының алғашқы толқыны Атбасарға 2024 жылдың 11 сәуірінде келді. Келесі күні ауданда ТЖ режимі жарияланды. Су тасқыны көлемі төрт күн бойы үздіксіз арта берді. Нәтижесінде, ауданға қосымша ТЖМ күштері жіберілді.
Қарғын судан 375 үй зардап шекті. Бүгінде тұрғындардың өздері үлкен шығынға ұшыраудың негізгі себебі жергілікті билікке қарсылық пен сенімсіздіктің нәтижесі деген қорытындыға келген.
"Мен өзім бұрынғы құтқарушымын. Су тасқынынан бір ай бұрын бізге үлкен судың келе жатқанын айтып, малды эвакуациялауға және үйлерден кетуге көндірген. Бірақ, әрине ешкім ескертуді елеп жатпады. Менде солардың қатарынан болдым. Соңғы рет хабарланған кезде, оқиғадан бір түн бұрын, біз үй жануарларын эвакуациялық пункттерге жіберуге келістік, ал өзіміз қалдық. Келесі күні кешкі шай уақытында, кенеттен екі жақтан су келе бастады. Судың деңгейі өте үлкен болды, екі метрге дейін жетті", - деді зейнеттегі су құтқару станциясының басшысы Есен Мұсажанов.
Сурет: Zakon.kz / Рамиль Дусумов
Жақында ол өз пәтеріне оралған. Бұған дейін туыстарын паналаған.
"Бізге тамыз айында жаңа пәтерге кіретініміз жайлы уәде берді. Осы күнді үлкен үмітпен күтеміз. Мен бұл мәселелер туралы ұмытқым келеді", - деп қосты сұхбаттасушы.
Сурет: Zakon.kz / Рамиль Дусумов
Есен Әнуарбекұлы Атбасарда 2000 жылдан бері тұрады. Жыл сайын жерлестерін су тасқынынан құтқару жұмыстарына қатысады.
"Мен сенімдімін - мемлекеттік органдар қолдан келгеннің бәрін жасады. Гуманитарлық көмектің мөлшері бізді таңдай қақтырды. Олар, алдағы алты айға азық-түлік, киім - кешек және тұрмыстық қажеттіліктермен қамтамасыз етті", - деп атап өтті зейнеткер.
Бірақ кейбір атбасарлықтар жаңа пәтер алу мүмкіндігімен баспанадан кеткісі келмейді.
"Мен көшуді жоспарламаймын. Мен жер үйде өмір сүріп үйреніп қалдым, мұнда менің гүлдерім бар. Сондықтан мен жаңа пәтер алудан бас тарттым. Көршілер бәрі кетеді, бірақ менің кеткім келмейді. Тек менің меншігімде жоғарырақ үй салуға рұқсат беруін сұраймын. Маған жөндеу жұмыстарына ақша бөліп, мамандар жіберді. Маған басқа ештеңе керек емес", - деді жергілікті тұрғын Надежда Белимова.
Әйел су тасқынының шыңы кезінде де үйден кетуден бас тартты.
"Мен өзімнің жылыжайымда аулада тұрдым. Көшеттерді қалдыра алмадым және қаламадым. Жылыжайды жылытып, гүлдерге қарау керек болды. Бұл менің наным", - деп бөлісті кәсіпкер.
Сурет: Zakon.kz/Рамиль Дусумов
Наталья Степашкина, жерлестері сияқты, оған үлкен су жетпейтініне сенімді болды. Ол "Лондон" символдық атауы бар қала аймағында тұрады. Оның айтуынша, олар 28 жылда алғаш рет су астында қалды. Бірден дерлік Наталья мен оның жұбайы үйдің енді өмір сүруге жарамсыз екенін түсінді.
"Бірден үмітсіздікке бой алдырдым. Біз тек 2023 жылы 6 миллион теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Сондықтан да, тасқын су келгенде, үйдің қалай көз алдымызда құлап жатқанын көру қиынға соқты. Ең алдымен, әрине, үй жануарларын – тауықтарды, мысықтарды, иттерді құтқаруға асықтық. Артынша, тұрмыстық техниканы шығарып үлгердік. Ал өзіміз туыстарды жағалап кеттік. Біз енді қайда тұратынымызды білмедік. Бірақ бір ай бұрын әкімдік біз өзімізге жылжымайтын мүлік іздей алатынымызды, ал олар 7 млн төлейтінін айтты. Біз жаңа баспанамызды тауып, ақырындап орналасып жатырмыз. Енді зардап шеккен жиһаз үшін өтемақыны күтудеміз. Әрине, мен бақыттымын, олар бізге осылай тез көмектеседі деп күткен жоқпын. Мемлекет бізді тастаған жоқ, шенеуніктер бізбен үнемі байланыста болды. Өмір сүруге құштарлығым қайта оралды", - деп бөлісті жаңа үйдің бақытты иесі Наталья Степашкина.
Сурет: Zakon.kz / Рамиль Дусумов
Аудан әкімдігі су тасқынынан зардап шеккендер үшін жаңа тұрғын үй мәселесін шешу аяқталуға жақын деп сендірді.
"38 отбасы үй сатып алды. Өздері таңдады. Біз өз тарапымыздан қай ауданды таңдау керектігін айттық, бірақ меншік иелері соңғы сөзді өздері айтты", – деді залалды өтеу жөніндегі комиссия төрағасы Әділ Шайкенов.
Тамыз айында Атбасар ауданында екі тұрғын үйдің құрылысы аяқталады. Бұл дегеніміз, тағы 200 отбасы ескісінің орнына жаңа тұрғын үйдің иегері болады. Ал 2024 жылдың соңына дейін билік мұнда тағы 100 пәтерлі үйді жалға беруге уәде берді.
Зардап шеккен ғимараттар бөлшектеледі. Сонымен қатар, тұрғындарға үйлерді өз бетінше бөлшектеуге рұқсат етілді. Олар бұл материалдарды үй құрылыстары немесе басқа қажеттіліктер үшін пайдалана алады.
Ал зардап шеккен үйлердің орнында және қызыл аймақта тұрғын үй құрылыстарын салуға тыйым салынды.