Сотта Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайынан бөлек оның жүргізушісі Мәди Батыршаев отыр.
Гүлмира Сатыбалды келесідей қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін сотқа тартылады:
– 126 бап 3-бөліктің 3-тармағы – абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан адам ұрлау;
– 194 бап 4-бөлігінің 2-тармағы – аса ірі мөлшерде бопсалау;
– Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 389 бабының 4-бөлігі - ауыр зардаптарға әкеп соқтырған озбырлық.
Мәди Батыршаев 126 бап 3-бөлім 3-тармақ бойынша сотталып жатыр. .
Іс материалдарында компанияның мүлкіне тыйым салынғаны, Алматыдағы Москвина 41 "а", Абай даңғылы, 150/230 мекенжайындағы үй-жайдың заңсыз басып алынғаны көрсетілген.
2024 жылдың 2 мамырында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тергеудің аяқталғанын хабарлады.
2023 жылдың мамыр айында Астанада Гүлмира Сатыбалдыға қатысты басқа да қылмыстық істер бойынша үкім шығарылды. Ол жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Олигарх Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі адам ұрлады және озбырлық жасады деп айыпталды. Тергеушілердің айтуынша, ол сусын шығаратын ірі компаниялардың акцияларын тартып алмақ болған. Екі кәсіпкер бизнесті рейдерлік жолмен басып алғанын хабарлады. Келтірілген шығын көлемі 6 миллиард теңгеден асады.
Сол қылмыстық істер бойынша Мәди Батыршаев та кінәлі деп танылып, жеті жылға бас бостандығынан айырылды.